Жаңалықтар мен оқиғаларға оралу

Ересек өмірдің басталуы

Ересек өмір әр адамда әр түрлі басталады. Бірақ оның барлығы үшін ортақ ерекшелігі – ол өзіне және өз өміріне жауапкершілік. Ғалымдар 21 жасқа қарай адам ересек өмірге дайын деп айтуға болатын бас ми бөліктерінің қалыптасу үрдісі аяқталатынын дәлелдеді. Алайда, біздің миымыз оны білмейді екен, себебі адамдар өздерінің ер жеткендігін әлдеқайда ерте сезінеді.

Қалай болса да, ересек адам дербестігімен ерекшеленеді. Оның дәрежесі жылдан жылға арта түседі. Мен бұны ата-анадан дербестік деген мағынада айтып тұрмын, өйткені өмірде мүлдем дербес болу мүмкін емес жағдайлар бар. Мысалы, бұл моральдық нормалар, заңдар, қоршаған ортамен сыйластық қарым-қатынас. Тіпті ата-анадан толық тәуелсіз болу мүмкін емес, өйткені оларға деген балалық махаббатын көпшілік адамдар бүкіл өмір бойы өзімен алып өтеді. Бұл махаббат өзгереді, бірақ ешқашан жоғалмайды. Ал дербестік пен жауапкершілік  - жылдан жылға арта түседі. Мұнда бәрі адамның оған қаншалықты дайын екеніне байланысты.  Бұл дене шынықтыру сияқты - сіздің денеңіз жақсы дайын болған сайын, соғұрлым көп жүктемемен жүре аласыз.

Дербестік аспектілерінің бірі - материалдық әл-ауқат. Ал ол қаржы табу көзіне байланысты. Әңгіме жұмыс пен мамандық туралы екені түсініп отырған боларсыз? Ал сіз мамандықты таңдадыңыз ба? Бұл ойлануға тұрарлық өте маңызды тақырып. Және оның себебі келесіде.

Қарапайым адам дайындықсыз 50 килограмм қапты бесінші қабатқа көтере ала ма? Менің ойымша, жоқ. Ол үшін дайындалу керек: спортзалға бару, бұлшық еттерін ширату, жүрек пен өкпені жүктемелерге дайындау. Мамандықпен де солай. Оған дайын болу керек.

Біреулер мамандықтарды колледж немесе ЖОО-да оқытады деп қарсы шығуы мүмкін. Олар дұрыс айтады деуге болады. Бірақ, егер ойлап қарасақ, бесінші қабатқа көтерілу керек болған жағдайда тіпті жаттығудан кейін біреу аз күшін жұмсап көтеріледі, ал біреу әр қабатта демалуға тоқтайды. Қалай ойлайсыз, неге?

Өйткені, біреулер - бір іске, ал басқа біреулер -  мүлдем басқа іске жақсы бейімделген. Бұл үшін біздің миымыз жауап береді. Ол әр адамда әр түрлі болады және әр түрлі кәсіптерді қалайды. Әр түрлі кәсіптер үшін ол бұлшық ет сияқты жақсы немесе нашар бейімделген. Сондықтан мамандықты таңдау алдында миыңыз қандай кәсіп үшін жақсы дайын екендігін анықтау керек.

Сізге бұл тақырып қызықты екенін түсіну үшін лайк қойыңыз.

Сондай-ақ, біздің жіберілімдерімізге жазыла аласыз.

Тақырып бойынша басқа жаңалықтар мен оқиғалар

2020 ж. 29 мамыр
Говард Гарднердің бірнеше интеллект теориясы

Говард Гарднердің бірнеше интеллект теориясы

Толығырақ
2020 ж. 29 мамыр
Соционика қалай жұмыс істейді

Соционика принципі өте қарапайым. Біздің мінезімізде 4 жұп қасиеттері бар, олардың үйлесімі біздің социотипімізді анықтайды.

Толығырақ
2020 ж. 29 мамыр
Мамандық таңдауға ата-ананың әсері

Мамандық таңдау мектеп оқушысы үшін ғана емес, оның ата-анасы үшін де қиындық туғызады. Әдейі немесе байқаусызда ата-ана баласының қай жолды таңдайтынына айтарлықтай әсер етеді.

Толығырақ
2020 ж. 29 мамыр
Қисынды-қисынды емес

Біздің өміріміз парадокстерге толы. Мысалы, біз қисынды ойлауды жақсы көреміз.

Толығырақ

Бізді қалай таба аласыз

https://skopps.mycollege.kz/